• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Наурыз, 2021

Қазақстандықтар биыл несие алуды жиілеткен

221 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев бүгінгі Үкімет отырысында қазақстандық банктердегі депозиттер мен кредиттердің сомалары туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Досаевтың айтуынша, банк жүйесіндегі депозиттер қаңтар айында 2,7% - ға 22,7 трлн теңгеге дейін, оның ішінде ұлттық валютада 3,0% - ға немесе 415,2 млрд теңгеге 14,3 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 2,1% - ға немесе 170,8 млрд теңгеге 8,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Депозиттерді долларландыру деңгейі 2021 жылғы қаңтарда 37,1% - ға жетіп, төмендеуді жалғастырды, деді Досаев.

Сонымен қатар, қазақстандықтар жиі несие ала бастады.

Халықтың кредиттік қоржынының 1% - ға өсуі бизнес кредиттері қоржынының 1,4% - ға төмендеуін өтеді. Шағын бизнеске кредиттер 0,9% - ға немесе 23,6 млрд.теңгеге ұлғайды. Бөлшек кредиттер құрылымында қаңтар айында тұтынушылық қарыздар 1% – ға 4,43 трлн теңгеге дейін, ипотекалық қарыздар 1,7% - ға 2,41 трлн теңгеге дейін өсті, деп хабарлады Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, қаңтар айында экономикаға кредиттер өткен жылғы желтоқсан деңгейінде сақталып, 14,6 трлн теңгені құрады. Экономиканың нақты секторына кредиттік ресурстардың құны өткен жылғы қаңтардағы 12,1% - бен салыстырғанда 11,5% - ға дейін төмендеді.

Соңғы жаңалықтар