• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2010

БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУЛАРҒА ТАЛАП ЖОҒАРЫ

693 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің “Қазақстан Республикасының ұлттық биотехнологиялар орталығы” РМК-де болды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Үкімет басшысы микроорганизм­дер­дің республикалық коллекциясын қарап, биотехнологиялар және өсім­дік­тер се­ле­к­циясы, иммунохимия және им­му­нобиотехнология лаборатория­лары­ның, сондай-ақ ұлттық биотехно­ло­гия­лар орталығы ұжымының соңғы бес жыл­дағы негізгі ғылыми жетіс­тік­тері қой­ылған Ұжымдық пайдаланым­дағы био­технологиялардың ұлттық ғы­лыми ла­бораториясының жұмысымен танысты. Одан соң К.Мәсімов жұмыс ба­бын­дағы кеңес өткізіп, ұсынылған ғылыми тал­дамаларды сараптау және өмірге ен­гізу жөнінен мүдделі ведомстволар бас­шыларына бірқатар тапсырмалар берді. Мемлекет басшысының тапсыр­ма­сы бойынша институтқа салынған мем­лекеттік ресурстар әзірге алғашқы ғы­лы­ми тиімділігін беруде. Енді ғылыми талдамаларды іс жүзіндегі нәтижелер­мен байланыстыру қажет. Ең басты мәселе –  нәтиже. Нәти­жені тұтынушының түпкі мүддесімен байланыстыратын болыңдар. Бұл жерде инновациялар да, жаңа технологиялар да, қазақстандық мазмұн да, ғылымды дамыту да, бәрі де бір арнада тоғысады. Енді алға қарай қозғалу қажет, деп атап өтті Кәрім Мәсімов.