• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Видео 12 Наурыз, 2021

Тележүргізуші тікелей эфирде өмірімен қош айтыса жаздады

5450 рет
көрсетілді

Колумбиядағы ESPN спорттық телеарнасының тікелей эфирінде журналист Карлос Ордус бір өлімнен аман қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Eurosport-қа сілтеме жасап.

Бұған себеп, хабар барысында күтпеген жерден жүргізушінің үстіне үлкен экран құлап кетті. Бұл оқиға оның жанында отырған әріптестерін абдыратып тастады. 

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы таралып үлгерді. Видеода үлкен экран журналисті үстелге жабыстырып тастағаны анық байқалады. Қуанышқа орай, тілші қатты зардап шекпеген. 

Карлос Ордус өзінің жағдайы жақсы екенін айтты. Кейінірек Twitter-де денсаулығы туралы жазды. 

«Оқиғадан кейін жазып жағдайымды білген және қолдаған адамдарға бәрі жақсы екенін айтқым келеді. Құдайға шүкір, медициналық тексеруден кейін дәрігерлер ауыр ештеңе таппады. Тек мұрыным ғана көгерген екен. Уайымдағандардың бәріне рахмет», деді ол.