• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Наурыз, 2021

Алматыда полиция мен білім саласының мыңға жуық қызметкері COVID-19-ға қарсы вакцина алды

190 рет
көрсетілді

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласанының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі директордың орынбасары м. а. Эльвира Ибрагимова мегаполистегі вакцинациялау барысы туралы баяндады.

«2021 жылдың 1 ақпанынан бастап вакцинацияның 1 кезеңін аяқтадық. 1 624 медицина қызметкері СПУТНИК-V препаратының екі компонентін алды. Вакцинаның екінші кезеңі наурыз айында басталды, Алматы қаласына қосымша 10 800 доза жеткізілді. Вакцинациялау бойынша қалалық. 39 емхана қатысады. Алғашқы аптада «қауіпті аймақтың» медицина қызметкерлері вакцинациядан өтті. 10 ақпанда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және мұғалімдерге вакцина салына бастады. Бүгінгі күнге дейін 33 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымында яғни, құқық қорғау органдарының қызметкерлері – 658, ал білім саласындағы 310 педагогқа вакцина салынды», деп хабарлады ол.

Спикердің айтуынша, Наурыз мейрамынан кейін студенттерге және басқа адамдарға 16 мыңнан астам доза вакцина алынады.

Эльвира Ибрагимова антиденелер туралы сұраққа да жауап берді.

«Антиденелер 42-ші күні түзіледі. Клиникалық зерттеулер жүргізілуде. Өндірушінің ақпараты бойынша иммунитет бір жылдан екі жылға дейін сақталады. Егер адам ауырып-жазылған болса, онда оған сауыққаннан кейін алты айдан кейін екпе салуға болады», деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, спикер вакцинаның қорғанысы жоғары және тіпті, егер жұқтырған болса, ауру вакцинацияланбаған адамдарға қарағанда жеңіл түрде өтетінін баса айтты. Дегенмен, бетперде киюді жалғастыру және әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет.

«Бұл инфекция біз үшін жаңа екенін ескере отырып, вакцинациядан кейін бетперде киюді және барлық алдын алу шараларын сақтауды ұсынамыз», деді ол.