• RUB:
    4.99
  • USD:
    441.59
  • EUR:
    480.27
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Наурыз, 2021

Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімі берілетін болды

497 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласының Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімі берілетін болды. Бұл туралы Saryarqa Aqparat медиахолдингінің директоры, журналист Қамбар Ахмет хабар таратты, деп жазады Egemen.kz

«Жаңа ғана Қарағанды қаласының Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беру жөніндегі қоғамдық тыңдау аяқталды.Қоғамдық тыңдау қаланың 15 нысанында өтті. Барлығы 685 адам қатысты. Талқылау барысында қатысушылардың барлығы ескі атаудан арылып, Алаш көсемінің есімін беру ұсынысын қолдады.Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы туған жерінде осындай іспен басталды. Баршаңызды осы бір тарихи сәтпен құтықтаймын!», делінген журналистің фейсбуктегі жазбасында.