• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Наурыз, 2021

Алматы қаласында жедел жәрдем көлігі апатқа түсті

253 рет
көрсетілді

Алматы қаласында жеңіл автокөлік жедел жәрдем көлігіне соқтығысып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

«13 наурызда Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында 43 жастағы Hyundai H-350 маркалы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Ravon автокөлігімен соқтығысып қалды», деді қалалық Полиция бөлімшесінің өкілі.

Оқиға орнында Ravon көлігінің 35 жастағы жүргізушісі жарақат алды. Дәрігерлер жүргізушінің денсаулығын тексеріп, оны амбулаториялық ем алғаннан кейін үйіне жіберді. Жол апатын егжей-тегжейлі Алмалы аудандық Полиция бөлімшесі тексеріп жатыр.