• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Президент 13 Наурыз, 2021

Президент ұшақта қаза болған әскерилердің туыстарына көңіл айтты

572 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды. Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек», дейді Мемлекет басшысы.