• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Наурыз, 2021

Маврикийде 25 наурызға дейін қатаң карантин жарияланды

371 рет
көрсетілді

Маврикий билігі елдегі індет жұқтырғандар саны күрт көбейгеніне байланысты шетелдік туристер үшін шекараны 2 аптаға жабуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аралдарда локдаун жарияланғандықтан, әуежайлар халықаралық рейстерді қабылдамайды. Бірақ Маврикийден ұшуға болады. Мұндай шаралар пандемия кезінде екінші рет қабылданып отыр. Қазір архипелагта коронавирустық жұқтырып, ауырып қалған 15 адам бар.

«Біз вирустың одан әрі таралу қаупі жоқ екеніне көз жеткізу үшін ұлттық локдаун енгізуді шештік. Маврикий қонақтарды тағы қарсы алуды асыға күтеді және енді олар біздің жерімізде қауіпсіз әрі сенімді екенін білетін болады», деді Туризмді дамыту басқармасының төрағасы Нилен Венкадасми.

Шетелдіктер қатаң карантиндік режім енгізілгенге дейін Маврикийге келе алатын. Олар ПТР-тесттің теріс нәтижесін және қонақүйден орын алғанын растау керек еді.

Айта кетейк, қаңтар айында жергілікті билік вакцина салдырған туристер үшін екі апталық карантинді алып тастауға және олардың елге еркін кіруін қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді.