• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Наурыз, 2021

Алматыға қашан локдаун қойылады?

1324 рет
көрсетілді

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин шаһардың қандай жағдайда толықтай карантинге жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Осы орайда Жандарбек Бекшин карантиндік шектеу шараларын жалғастыру керектігін жеткізді.

«Бүгінде бізде 3400 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 40 пайыздан аспайды. Сонымен қатар, 7 мың резерв төсек бар, бірақ резервтер де таусылуы мүмкін. Ауруханаға тәулігіне 5000 адам жатқызылса, онда бір инкубациялық кезең ішінде барлық төсек-орындарды толығымен аламыз. Бұған жол беруге болмайды. Егер күніне 300 науқас жатқызылса да, қала локдаунға жабылады. Уақтылы шаралар қабылдамасақ, онда, әрине, барлығын толығымен жауып, тоқтатуға тура келеді. Біздің міндетіміз - бұған жол бермеу», деді ол.

Еске салайық, 10 наурызда Алматы «қызыл» аймаққа енді. Карантин режимі қалада 13 наурыздан бастап күшейтілді. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполис мектептерінде сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспайтынын айтқан еді.

Бұдан бөлек, өткен демалыс күндері, яғни 13 және 14 наурызда, қалада қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды.