• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Наурыз, 2021

Бүгін Дүниежүзілік тұтынушылар күні

564 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік тұтынушылар күні жыл сайын бүкіл әлемде БҰҰ қолдауымен 15 наурызда аталып өтеді. Алғаш рет бұл күн 1983 жылы тойланған еді, деп хабарлайды Egemen.kz

1962 жылы осы күні АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Фицджеральд Кеннеди АҚШ конгресінде тарихи сөз сөйледі. Сонда ол бірінші кезекте «тұтынушы» ұғымын анықтап, бөлінбейтін төрт құқықты атап өтті. Солардың қатарында ақпарат алу құқығы; тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздік құқығы; конкурстық негізде тауарлар мен қызметтерді таңдау құқығы туралы тілге тиек етті.1960 жылы әлем бойынша тұтынушылардың тәуелсіз, саяси емес, коммерциялық емес бірлестігі – Тұтынушылар қауымдастықтарының халықаралық ұйымы (Consumer International, CI) құрылды. 1985 жылдан бастап Тұтынушылар кодексі тағы төрт постулаттармен толықтырылды: жәбірленушіге билік ету құқығы; тұтынушыларға білім беру құқығы; негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру құқығы және сау қоршаған орта құқығы.

 

 Рабиға МҰРАТ