• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Наурыз, 2021

Алматыда күдікке ілінген басқарма басшысына қатысты қылмыстық іс тергелуде

453 рет
көрсетілді

Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласы Мобильділік басқармасы басшысына қатысты қозғалған қылмыстық іс тергеліп жатыр. Шенеунік пара алған болуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz. 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Талғат Башевтың айтуынша, пара алды деген күдікке ілінген Е.М. Әділовке қатысты сотқа дейінгі тергеу биылғы жылдың 16 ақпанында басталды.

- ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-бөлігімен іс қозғалды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды, деді ол. 

Ерлан Әділов 2020 жылдың маусым айында  Алматы қалалық Мобильдік басқармасының бастығы болып тағайындалған еді. Ерлан Әділов 1976 жылы туған. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Көлік және құқықтану салалары бойынша екі жоғары білімі бар. Көлік саласындағы қызметі Алматыдағы «№4 автобус паркі» ЖШС техника қауіпсіздігінің инженерінен басталды. Мемлекеттік қызметке 2007 жылы келді. 2008 жылдан бастап Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында көлік бөлімінің маманы болды. Аталған басқармада жұмыс атқарған жылдары мемлекетік қызметтің барлық сатыларынан өтті.