• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Наурыз, 2021

Ақтауда базардан өрт шықты

1141 рет
көрсетілді

Ақтаудағы «Волна» базарында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«5-інші шағынауданда орналасқан сауда орнындағы өрт туралы ақпарат сағат 02:58-де келіп түсті. Жалпы ауданы 400 шаршы метр болатын халық тұтынатын тауарлар сатылатын 21 сауда орнында өрт шыққан. Базардың жалпы аумағы -1300 шаршы метр, негізінен жеміс-жидек пен көкөніс сататын сауда орындарына залал келген», делінген хабарламада.

Департамент мәліметінше, өрт сағат 04:19-да ауыздықталып, сағат 04:45-те толық сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті ауыздықтауға 67 маман мен 24 техника жұмылдырылған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар