• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Наурыз, 2021

Солтүстік Қазақстанда сатылымға улы ойыншықтар шыққан

438 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында сауда орындарында құрамында фенол бар ойыншықтар сатылымға шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz

Көбіне-көп Қытайдан балаларға сапасыз әрі қауіпті тауарлар әкелінеді. Сол себепті улы ойыншықтардан балалар дем ала алмай, көздері қызарады. Облыста былтыр уле фенол бар 100-ден аса ойыншық жойылған.

«Мен ойыншықта өткір иіс барын байқадым. Оларды тез арада тастадық. Өйткені иісі жаман болғандықтан, ойыншықтарды балаларға беруден қорықтым. Арзан ойыншықтарды өте сирек аламыз. Кейін балалар зардап шекпес үшін қымбатырақ алған дұрыс», деді Петропавл қаласының тұрғыны Наталья Некрасова.

Облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Данияр Оспанов алынған сынаманы зерттеу кезінде фенол концентрациясының 13 есе артқаны анықталғанын айтты.

«»Балада көздің қызаруы, ауыз және мұрын шырышты қабығының қабынуы болады. Ұзақ уақыт ойнаған кезде балада дем алу қиындайды», дейді ол.

Сарапшылар ойыншықты сатып алмас бұрын мұқият тексеруді сұрайды. Үлкендер өнімдердің толық сипаттамасы болуын және сатушылардан тауардың серфикатын талап ете алады. Осы орайда Дарияр Оспанов сатып алу алдында ойыншықтың иісіне мән беруді алға тартады.

Айта кетейік, 1 шілдеден бастап ЕАЭО елдерінде шетелдік онлайн-сатушылар ойыншықтар қауіпсіздігін құжатпен растауы қажет. Егер анықтама болмаса, тауарды сатуға рұқсат етілмейді.