• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Наурыз, 2021

СҚО-да су тасқынына дайындық аясында жарылыстар жасалды

195 рет
көрсетілді

СҚО Уәлиханов ауданындағы Сілеті өзенінде мұздың кептеліп қалмай, өзен суының арнасымен ағуы үшін жарылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар, СҚО ТЖД және Көкшетау қаласының мамандандырылған ұйымы атқарды. Сонымен бірге өзен деңгейін көтеру мақсатында ұзақ уақыттан бері жарылыс жұмыстарымен кәсіби айналысып келе жатқан «Көкше-БУР» ЖШС жүргізді.

Бұл күні барлығы 140 кг жарылғыш заттар (петроген) пайдаланылды. Олар кезең – кезеңімен өзен арнасы бойынша Қаратал және Қулыкөл ауылдарын қосатын жолдағы «Жыра» су өткізу құрылысында, Қулыкөл ауылынан 2 және 5 км. жерде, жалпы алаңы 1000 ш. м. - 3 учаскеде жүргізілді.

Көктемгі су басудың алдын алу жұмыстарына азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Рахымжанов тиісті баға берді. «Басты міндет –су тасқынын қауіпсіз өткізу, халықты апат салдарынан қорғау» деп атап өтті Бауыржан Ерғалиұлы.