• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Наурыз, 2021

Петропавлда жоғалып кеткен адам табылды

182 рет
көрсетілді

Петропавлда жоғалып кеткен ІІ топтағы мүгедек, есту қабілеті нашар  адам полицейлердің күшімен табылып, үйіне қайтарылды. Оқиға кешкі мезгілде болған. Адасқан адам қала көшелерін білмеген.

Дабыл түскеннен кейін Петропавл қаласы ПБ Бірінші бөлімінің қызметкерлеріне оған қатысты бағдар таратылып, шамамен сағат 23-те оны патрульдік полиция батальонының экипажы тапты.

Полицейлер әбден қалжырап, оның үстінен тоңған оны Бірінші полиция бөліміне жеткізді. Қажетті ресімдерден кейін ер адам үйіне оралды.

«Түнгі ауысымда, яғни сағат 20.00-ден таңғы сағат 5-ке дейін Петропавлдың полицейлері 24 шақыртуға барды», дейді Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі, полиция подполковнигі Қанат Әлімжанов.

 

ПЕТРОПАВЛ