• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Наурыз, 2021

Өскемен әкіміне маска тақпағаны үшін айыппұл салынды

719 рет
көрсетілді

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарға Б.Александров атындағы Спорт сарайында өткен шарада маска тақпағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Б.Александров атындағы Спорт сарайында өткен шараға қатысқан шаһар басшысы Жақсылық Омардың маска тақпай түскен фотосуретіне қатысты БАҚ-та тараған ақпараттар және жеке тұлғалардың өтініштері мұқият қаралды. Соның нәтижесі бойынша аталған тұлғаға қатысты қысқартылған өндірістік тәртіппен ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. Қазіргі уақытта Ж.Омар айыппұлды өз еркімен төледі», деп хабарлады ШҚО Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.