ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласында 31 наурызда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК, Түркі кеңесі) бейресми саммиті өтеді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Форумға қатысуын ТМЫК-қа мүше мемлекеттердің барлық басшылары мен осы ұйымда бақылаушы болып табылатын Венгрияның премьер-министрі растады.
Саммит қорытындысы бойынша Түркістанды Түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялайтын Декларацияға қол қойылады деп күтілуде.