• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Наурыз, 2021

Көктемнің мәні көшет егуде

1151 рет
көрсетілді

Шымкенттің көктемі жыл сайын көшет егумен басталады. Табиғат-ана оянған мезгілде айналаны тазалау, ағаштарды бұтап, түбін әктеу және жас шыбықтар отырғызу шаһарда үрдіске айналған. Биыл да жақсы ғадет жалпықалалық сенбілікке ұласып, 8 мыңнан астам тұрғын шаһар тазалығына атсалысты.

Күн күлімдеген күнгейде сен­білікте қатысушылар төрт аудан­дағы саябақтар мен гүлзар­ларды, аула мен көшелерді және арық-атыздарды қоқыстан тазартты. Абай ауданының аумағына 20 мың түп қарағаш пен жыңғыл ағашы отырғызылды. Көшеттер Ақжар тұрғын алабына дейінгі көшенің бойына, мұсылман ма­заратының маңына және Ба­дам өзенінің жағалауына егілді. Жал­пы сенбілік барысында Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары аумағында тазалық жұмыстары қызу жүргізілді.

Қаратау ауданы бойынша жалпы 8 секторға бөлініп, көпқабатты үй ауласымен ішкі орам көше бой­ларындағы жасыл аймақ, жаяу жүргіншілер жолы, сынған бұтақтар мен қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ көпқабатты үй ауласы мен ішкі орам көшелерінің бойларына 2 мың түп ағаш көшеті отырғызылды. Ал Абай ауданы бойынша 10 мың түп қарағаш, 10 мың түп жыңғыл көшеті егілді. Сонымен қатар, 258 ауланың 72-не қаланың брендіне айналған 3 мың раушан гүлі (3 мың түп) егілді. Әл-Фараби ауданына қарасты Сәуле шағынауданы (№276 және №195 орам) жаңадан салынған жолдардың аумағында сенбілік ұйымдастырылып, жалпы 1300 ағаш отырғызылды. Ең­бекші ауданында 1-ші авто­жол көшесінің бойына, 16 шағынауданда №39 орта мектеп аумағы мен «Фосфоршылар» мәдениет сарайы аумағында сенбілік өтіп, тұрғындар белсенділік танытты. Аталған аудан аумағында жал­пы 2 мың түп ағаш отыр­ғы­­зыл­ды. Бұл күні қала әкім­ді­гінің құрылымдық оннан ас­там басқарма қызметкерлері Асан­­бай Асқаров атындағы ден­дро­логиялық саябағына тазалық жұ­мыстарын жүргізді.

Жақсылықтың жаршысына айналған көктемгі көшет егу науқанына дін өкілдері де өз үлестерін қосуда. Қазақстан Тә­уелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуы­мен Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта «Ағаш – ел дәулеті, жер сәулеті» атты игі ша­ра өтті. Қаланың бас имамы Бақдәулет Абдрахманов бастаған сәл­делілер саябақ аумағына жо­ғары сұрыпты 205 түп ағаш кө­шет отырғызды. Сондай-ақ, ден­дрологиялық саябақта «Шымкент қаласы имамдарының аллеясы» ашылды. «Бұл шара Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолға алуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізіліп отыр. Ағаш көшетін отырғызу шарасы мешіттер мен өзге де орындарда үш ай бойы жалғасады», деді қаланың бас имамы.

Еске салар болсақ, мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың бастамасымен 1979 жылы негізі қаланған Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының жер көлемі бүгінде 117 гектарға жетті. Мұнда 500 мыңнан астам ағаш және 1 миллионнан астам шөптесін өсімдіктер бар.

Соңғы жылдары қалада жан санының күрт өсуіне орай ша­­һар экологиясын жақсарту мақ­сатында көгалдандыру мен орман қорларын толықтыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда Шым­кент қаласының табиғи ре­­сурстар және табиғат пайдала­нуды реттеу басқармасына қа­расты «Жасыл белдеу» КММ-не бе­кітілген жер учаскелерінің жал­­пы аумағы 1 483 гектарды құ­­райды. Оның 976 гектары ша­йын­ды су қоймасының маңында орналасқан «Қайнар-бұлақ» учас­кесіне тиесілі. Көктемде мұн­да 97,5 мың дана көшет егіледі. Қазіргі таңда 260 мың дана ағаш өсіп тұрған аймаққа қосымша қарағаш, шаған отырғызу жос­парлануда. Жайқалған табиғат өз кезегінде экологияны жақсартып қана қоймай, шаһарды желден қорғауға септігін тигізеді. Бір сөз­бен жасыл белдеу Шымкенттің экосауытына айналмақ.

 

ШЫМКЕНТ