Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 17 наурыз күні алаңдар мен саябақтарда, қоғамдық орындарда «Елорда Наурызы - 2021» акциясын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Акцияның мақсаты - Наурыз мейрамын насихаттау.
Шара барысында насихатшы жастар тобы халықты Наурыз мейрамымен құттықтады. Наурыздың дәстүрлеріне, ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақ-жауап ойындарын өткізіп, белсене қатысқандарға құттықтау сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ жастар ел алдында өз өнерлерін паш етіп, оларды мемлекеттік тілде сөйлеуге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, Наурыздың маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсінуге, дәстүрлі мейрамды сезінуге шақырды.