• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Наурыз, 2021

Елордада қоғамдық көліктер мереке күндері қалыпты режимде жұмыс істейді

246 рет
көрсетілді

22-24 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді. Бұл туралы Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жексенбі күні, 21 наурызда қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бір күн жұмыс істемейді. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Бұл жағдайда жолаушылар маска режимін сақтау қажеттілігі туралы ұмытпауы керек. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.