• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 19 Наурыз, 2021

Елін сүюдің ерен үлгісі

454 рет
көрсетілді

Қазақ халқының ең бақытты дәуірі еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізген күнінен басталады. Еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін шын қуанып, шын толқыған күндер әлі есімізде. 1991 жылдың желтоқсан айы қазақ халқының дербестікке қол жеткізген тарихи күні еді.

Содан бері жылдар өтті тіз­бек­­теліп. Елбасына арқа сүйеп үйренген халық көңілі алаң­­сыз, жайбарақат күн кешті. Бірақ тәуелсіздікке қол жеткіз­ген ел­дің тәуелсіздігінен айыры­лып қал­майтын қазығын берік орнату тек Елбасының жауап­кер­­шілігінде болғаны рас. Ең­сесін тіктеген елдің бұдан бы­лай өзгенің бауырынан жылу іздеп жәутеңдемейтін, жалпақ­та­май­тын білімді, іскер ұрпағын қалыптастырды. Жаңа мемлекет, жаңа басқару жүйесі, жаңа саяси көзқарас, жаңа буын қалыптаса бастады.

Елбасы үнемі «Мен бітір­дім дегенше, ел бітірді десей­ші» деген даналықты ұстанды. Халқы­ның даналығына арқа сүйеді. Уығын өзі қадаған, арман мен мақ­сатына қол жеткізген бұл ел­дің тағдыры талай баз кешкен ұйқы­сыз күндерінің куәсі болар. Сүрі­ніп барып түзелген, үзіліп ба­рып жалғасқан көштің жолын қы­рандай қадағалап, елінің бей­біт күнін күзетті. Мемлекеттің тағ­дыры да адам тағдырына ұқ­сас, оны соғыс апаттарынан, тамы­рына түсетін жегіқұрттан, сая­си ойындардың лаңынан сақ­тап қалу үшін күрес жүріп жат­ты. Осы жолда өзімен бірге қазақ­тың таңдаулы, күрескер, Ота­ны үшін отқа түсетін, өз тағ­дырын ел тағдырына арнаған азаматтарға сенім артты. «Ата­лы­дан би қойсаң – адаспас жол мен жорадан, атасыздан би қойсаң – босамас аузы пара­дан» – Елбасының осы ізгі сенімі мемлекетті өзімен бірге қа­лып­тастырған тұлғаларды анық­тады. Олар да халқының сүйіспен­шілігіне бөленді. Халқы қауіпсіз, соғыссыз бейбіт күн кешті.

2019 жылдың 19 наурызы күні Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев Қазақстан халқы­на мәлімдеме жасады. Пре­зи­денттік өкілеттігін тоқтату жө­нін­дегі шешімін жария етті. Конс­­титуциялық тұрғыда реттел­ген билік сабақтастығына тоқталды. Енді мемлекет басына жаңа буын­ның келуін қам­тамасыз ететінін, ал өзі қашанда халқымен бірге бола­тындығын айтты.

Әрине, бұл – әлем елдерін­де қалыптасқан үрдіс, бірақ тәуел­сіздікке қолы енді жеткен, тарихтың тар кезеңін бастан өткізген біздің халықтың алаң көңіл болатын жөні де бар еді.

Елбасы білімі мен парасаты­на арқа сүйеген, өзімен бірге мемлекетті құруда үзеңгі­лес болған, сыртқы елдің диплома­тия­­лық білімін бойына әб­ден сіңір­ген, Сыртқы істер ми­­нистрі, Премьер-Министр, Сенат Төр­аға­сы, Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның негізгі бөлімін бас­қар­­ған әлемдік дең­­гей­дегі ірі саясаткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты таңдады. Елбасы бір адамның бойындағы осынша білім-парасатты айқындап айта келіп: «Ол – АДАЛ!!!» деді.

 Қобалжыған ел көңілінің сабырға келгенін көрді, шеші­мінің қолдау табарына сенді. Ел тағдырын, өзі құрған мемлекеттің тағдырын, ұлт тағдырын Адал­дыққа тапсырды.

 

Роза МҰҚАНОВА,

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты