18 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Франция, Мальдив Республикасы, Кипр, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі келді.
3 771 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 414 адам, анықтамасыз 357 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде:Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 1 932 жолаушы, анықтамамен – 1 803, анықтамасыз - 129; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 200 жолаушы, анықтамамен – 972, анықтамасыз - 228; Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 490 жолаушы анықтамамен келген;Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 149 жолаушы анықтамамен келген.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.Анықтамасыз келген 387 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде үш жолаушы Шарм эль-Шейх – Алматы рейсімен, бір жолаушы Шарм эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.