• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Наурыз, 2021

БҰҰ Бас хатшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

115 рет
көрсетілді

Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем елдері тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Ұйым басшысының құттықтауы ШЫҰ Хатшылығының Бейжіңдегі ғимаратында Наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатқан іс-шараның аясында көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Жыл сайын келетін Наурыз жаңа өмірді білдіреді. Былтыр Наурыз мерекесі жаһандық пандемияның алғашқы күндерімен тұспа-тұс келген. Биыл Наурыз рухы жанданды. Мейрам қоғам мен ұрпақ сабақтастығы арасындағы көпір іспетті»,  деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы.