• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2021

Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдады

187 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында карантиндік тәртіпке байланысты азаматтарды онлайн қабылдағанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қала тұрғындарының мәселелерін жүйелі түрде шешу үшін азаматтарды жиі қабылдау маңызды. Тұрғындар проблемаларын айтып қана қоймай, елорданы одан әрі дамытуға қатысты идеялары мен ұсыныстарымен бөліседі.

Бүгін 10 тұрғынды онлайн қабылдадым. Азаматтар тарапынан 20 сұрақ болды. Негізгі мәселелер - тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, білім алу, медициналық көмек, әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және т.б. төңірегінде. Сауалдар бақылауға алынды.

Тұрғындар - «Жанұя» (Бейбітшілік көшесі, 14), Тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық (Республика даңғылы, 32), iQala (Қошқарбаев, 29) сияқты әлеуметтік орталықтардан көмек пен кеңес ала алады», — деді елорда әкімі.