• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Наурыз, 2021

Туристерді ПТР-тестілеу туроператорлар пакетінің құнына енгізіледі

160 рет
көрсетілді

Қазақстанда міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл шешім туристік операторлармен, «Атамекен» ҰКП-мен, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен талқылау қорытындысы бойынша қабылданды.

Бүгінгі таңда шетелден келгендердің 80%-ы ПТР тестсіз оралады. Олардың 41% - ы Египеттен, 27% - ы Мальдивтен, 16% – ы БАӘ-мен және 8,3% - ы Түркиядан келген.

Айта кетейік, шетелден келген демалушылардың 80%-ында коронавирус инфекциясы анықталып отыр, оның ішінде: Египеттен – 96 адам, Түркиядан - 50, БАӘ - ден-51.