Алматыда «барахолка» базары өртеніп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент мәліметінше, 19 наурыз күні түскі сағат 14:51-де өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, Солтүстік айналма тас жолы 7, Байсат базары мекен-жайы бойынша, жоғары дәрежедегі шақыртуға шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жетіп, бірнеше контейнердің отқа оранғанын анықтаған. Өрт сөндіру техникасының өтуіне жеке автокөліктер кедергі келтірген. Сондықтан «109» құтқару қызметінің эвакуаторлары жіберілген-ді.