• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Наурыз, 2021

27 млн теңге: БЖЗҚ мен МӘСҚ басшыларының табысы талқыға түсті

617 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде БЖЗҚ мен МӘСҚ басшыларының айлық және жылдық еңбекақысы талқыға түсіп жатыр. Қоғам белсенділері мен әлеуметтік желі қолданушылары екі қор басшыларының «шамадан тыс» көп жалақы алатынына наразы, деп жазады Egemen.kz Lada басылымына сілтеме жасап.

Мәселен, қазақстандық адвокат Жангелді Сүлеймановтың айтуынша компания қызметкерлерінің қарапайым адамдардан 50 есе көп жалақы  алуы -  ұят нәрсе.

Адвокат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) және әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) басшыларының жалақысы туралы мәліметтерді жариялай отырып, осындай мәлімдеме жасады.

Ол БЖЗҚ басшылары 2018 жылы айына орта есеппен 2,3 млн теңге алғанын, ал 2019 жылы МӘСҚ басшыларының жалақысы шамамен 1,6 млн теңгені құрағанын хабарлады.

«Елімізде тұрғындардың басым көпшілігі 50-60 ғана айлық алады. Ал шенеуніктермен салыстыра қарағанда, бұл тым аз көрсеткіш. Қарапайым адамға БЖЗҚ басшылары бір жыл ішінде алатын 27 млн теңгені табу үшін бір өмір жетпейді. 50 мың теңге  27 миллион теңгені тек 40 жыл жинап жүріп табуға болады», деді адвокат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Рабиға МҰРАТ