• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Наурыз, 2021

Алматыда биыл 20 шақырымдай жылу желісі жөнделеді

160 рет
көрсетілді

Өткен жылы 16 шақырым жылу желісі жаңарған еді.

«2020 жылы 16,1 шақырым конструкцияланды, жоспар бойынша жөнделгені 14,3 км, бұл тозған желілерді 0,2%-ға төмендетуге мүмкіндік берді», деп хабарлады ӨКҚ брифингінде Алматының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары м.а. Берік Жамбылов.

2021 жылы ұзындығы 20 шақырым (9 шақырым реконструкциялау, 11 шақырым жөндеу) жылу желілерін реконструкциялау және жөндеу жоспарлануда.

«Биылғы жылы қазандық қуатын жалпы 55 Гкал-ға, 135-тен 190 Гкал-ға ұлғайта отырып, «Оңтүстік аудандық қазандықты қайта жаңарту» объектісін аяқтау жоспарлануда. Бұл қаланың оңтүстік бөлігіндегі жылу энергиясының тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді (260 мың тұтынушы). Сондай-ақ, Наурызбай ауданындағы «Премьера» МТЖ, «Елім Ай» МТЖ, «Елисейские поля» КГ жалпы құны 8,13 млрд. теңге қазандығын кеңейту. Жобаны іске асыру қосылған кенттердің тұтынушыларының жүктемесін жабуға мүмкіндік береді», деп хабарлады Берік Жамбылов.

Сонымен бірге, қаланың оңтүстік бөлігін жылумен сапалы қамту үшін Оңтүстік аудандық қазандық жаңартылатын болады.