• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Наурыз, 2021

Сенат Төрағасы: Наурыздың мән-мазмұнын арттыра түскеніміз абзал

131 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрметті достар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – татулық пен достықтың, ырыс пен ынтымақтың, ізгілік пен жақсылықтың мерекесі. Жаңару мен жасампаздықтың нышаны. Бұл күндері төл құндылықтарымыз төрге озып, салт-дәстүріміз кеңінен дәріптеледі. Тереңнен тамыр тартатын осынау мейрам Тәуелсіздігіміздің арқасында қайта түлеп, ұлт руханиятының өрісін кеңейтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурызда қоғамды ұйыстырар құндылықтарға басымдық берудің маңызы зор екенін айтқан еді. Шын мәнінде, алдағы уақытта мерекенің мән-мазмұнын одан әрі арттыра түскеніміз абзал. Келіп жеткен жаңа жылымыз еліміз үшін құтты да қайырлы болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке әкелсін! Тәуелсіз Қазақ елі мәңгі жасай берсін! Ұлыс оң, ақ мол болсын, ағайын!