• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Наурыз, 2021

«Ел тірегі – Елбасы» акциясы басталды

611 рет
көрсетілді

Әз-Наурыз мерекесінде «Халық» қоры азаматтық белсенділік танытып, «Ел тірегі – Елбасы» атты ірі науқанын қолға алды. Қор covid-19 пандемиясының және  карантиндік шаралардың салдарынан қиын жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасылар үшін азық-түлік жиынтығын сатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Халық» қайырымдылық қоры 15 000-нан астам азық-түлік себетін ұйымдастырды. Әр себетте салмағы 50 келіден асатын азық-түлік бар. Қазіргі уақытта азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес еліміздің барлық өңірінде отбасыларға таратылып жатыр. 

Мұндай акция 2021 жылда бірнеше рет ұйыдастырылады деп жоспарлануда.