• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Наурыз, 2021

OCTAGON 18 турнирі 7 сәуірде өтеді

280 рет
көрсетілді

Қазақстандық OCTAGON промоутері келесі турнир өтетін күнді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Айтулы шара 7 сәуірде көрерменсіз өтеді. Қазіргі уақытта алдағы турнирдің карды әлі белгісіз және ол жақын арада жарияланады.

Промоушен соңғы турнирін 17 наурызда өткізген еді. Кештің басты жекпе-жегінде Карим Рузбакиев (6-0) төртінші раундта Айболат Мұратұлын (2-3) нокаутқа жіберіп, жартылай ауыр салмақ дәрежесінде (93 кг) титулға қол жеткізді.

Кештің екінші маңызды жекпе-жегінде қазақстандық файтер Ұлан Тамғабаев (7-5) бірінші раундта өзбекстандық Абдул-Азиз Сотволдиевті қылқындыру әдісімен жеңген болатын.