• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Наурыз, 2021

Лондонда шектеулерге қарсы шеру өтті

126 рет
көрсетілді

Лондонда індеттің таралуына байланысты қабылданған шектеулерге қарсы шеру өтті, деп хабарлайды Egemen.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Көпшілік алдымен қала көшелерімен жүріп өткен. Кейін Гайдпаркте жиналды. Көбі маска тақпаған. Полиция шерушілер әлеуметтік арақашықтық сақтамағанын мәлімдеп, оларды үйлеріне қайтуға шақырды. Бұл сөздерге ешкім құлақ аспағаннан соң тәртіп сақшылары күш қолдана бастады. Ереуілшілер де қарап қалмады. Сөйтіп, шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты. 33 адам қамауға алынды.