22 наурызға қараған түні Алматы қаласы Медеу ауданының бақылау тобы Құрманғазы көшесі, 25 жекен-жайында орналасқан Boom Bar түнгі клубының қонақтарын шығарды (бұрынғы The Artist деген атымен белгілі). Бұл мекеме қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын өрескео бұза отырып, жұмыс істеген.
Мониторингтік топ келген кезде мекемеде 150-170-ге жуық адам болған. Жұмыс режимін бұзудан басқа, адамдардың жаппай жиналуына тыйым салу, маска режимі, әлеуметтік арақашықтық сияқты эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы тіркелді.
Еске салсақ, қалада шектеу шаралары күшейтілген. Бұқаралық іс-шараларға, сондай-ақ бірқатар кәсіпкерлік субъектілерінің, әсіресе ойын-сауық мекемелерінің жұмысына тыйым салынады. Карантиндік стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қалада 32 мониторингтік топ жұмыс істейді, олардың құрамына аудан әкімдігінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.
Бұған дейін, ағымдағы жылдың 18-21 наурыз аралығында түнгі тексеру кезінде 1800 нысан зерттелді. 205 нысанда бұзушылықтар анықталды. Заңды тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Сондай-ақ, карантиндік шараларды бұзғаны үшін 321 тұлғаға айыппұл салынды.
Алматы қаласының әкімдігі азаматтарды қырағылыққа шақырады. Адамдар көп жиналатын орындарға бармай, эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажет. Бұл шаралар коронавирустық инфекция тізбегін үзуге бағытталған - күнделікті КВИ инфекциясының өсуі 300 жағдайдан асады.