Наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түні, сағат 00.30-дың шамасында «Жезқазған-Сәтбаев» тас жолында болған жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz. Қарағанды облыстықполиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ВАЗ» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, жол ортасындағы қоршауға соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы, 4-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдар жүргізілуде.
Қарағанды облысы