Токио Олимпиадасының Алау эстафетасы Фукусима префектурасында басталды, деп хабарлайды Egemen.kz NHK сайтына сілтеме жасап.
Олимпиаданың Алау эстафетасы Жапонияның Токиоға дейінгі барлық 47 префектурасы бойынша өтеді
– Былтыр әлемде қиын жағдай болды. Жаңа инфекцияның таралуына байланысты Олимпиада ойындары кейінге қалдырылды. Алайда, барлық қиындықтарға қарамастан, алау оты сөнбейді. Бұл - үміт жолындағы шамшырақ. Жапония елінің және барша әлемнің үміт оты іспетті. Олимпиада алауы 23 шілдеде Ұлттық стадионға жетеді деп үміттенемін, – деді Токиодағы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Сэйко Хашимото.
Алау эстафетасы 10 мыңға жуық жүгірушінің қатысуымен 121 күнге созылады.