Төтенше жағдай бүгін 25 наурызда сағат 08:11-де Қарағанды қаласының Осевая көшесіндегі тұрғын үйде болды. Төртінші қабаттағы пәтерді от шарпыды, деп хабарлайды Egemen.kz
Өрт сөндірушілер жанып жатқан 70 жастағы пәтер иесін өлім аузынан аман алып қалды. Зардап шеккен қарт әйел улы газдан уланудың жеңіл дәрежесі алдын ала диагнозымен медициналық мекемеге жатқызылды. Сондай-ақ өрт сөндіру барысында ТЖД күшімен кіреберістен құтқару қақпақтарының көмегімен 5 адам құтқарылды.