• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Наурыз, 2021

Елордада газ құрылғыларын пайдалану ережелері түсіндірілді

327 рет
көрсетілді

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ елорда өндірістік филиалы Нұр-Сұлтан қаласында табиғи газды дұрыс пайдалану және қауіпсіздік жолдары жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

1. Газ құрылғыларын қалай пайдалану қажет?

Тек жарамды газ жабдықтарын пайдаланыңыз. Жалынның түсін қадағалаңыз, егер ол қызғылт сары болса, яғни жабдықта ақау бар, мұндай жағдайда газ қызметкерін шақыру керек. Жұмыс істеп тұрған газ плиталарын және су жылытқыштарды қараусыз қалдырмаңыз, үрлеуге немесе жалынның сұйықтықтармен құйылуына жол бермеңіз. Газ жабдықтарын пайдалануға кішкентай балаларды, өз әрекеттерін бақыламайтын адамдарды жібермеңіз.

Есіңізде болсын! Газдың жануы үшін тұрақты ауа ағыны қажет. Газ плитасын не су жылытқышты тұтатқанда, терезе желдеткіші әрдайым ашық болуы керек.

Газ беру кенеттен тоқтаған кезде газ аспаптары жанарғыларының шүмектерін дереу жабыңыз және 104 немесе 8 (7172)-55-89-76 телефондары арқылы авариялық газ қызметіне хабарлаңыз.

2. Неліктен тартылысты тексеру керек?

Түтін және желдету арналарында тартылыстың болмауы газдың жану өнімдерімен улануына әкелуі мүмкін.

Газбен су жылытқыштарын, қазандықты және түтіндікке жану өнімдерін шығаратын басқа да аспаптарды әрбір пайдалану алдында түтін мұржасында тартылыстың болуын тексеру қажет. Түтіндіктің және желдеткіш жүйелерінің құрылғысын өзгертуге, желдеткіш каналдарын желімдеуге, газ пайдаланатын жабдықтың түтін шығарғыштарын желдеткіш каналдарына қосуға, түтіндіктерді тазалауға арналған «қалталар» мен люктерді жабуға немесе желімдеуге болмайды. Су жылытқыштардан түтін тартатын құбырларға және мұржаларға қосымша шиберлерді өз еркімен орнатуға болмайды.

Жеке тұрғын үйлердің иелері қыс мезгілінде түтін мұржаларының басын қатып қалуына және бітелуіне, сондай-ақ қысымның төмендеуіне байланысты күзгі-қысқы кезеңде жиі туындайтын «кері тарту» әсерінің пайда болуына жол бермеу мақсатында оларды кезеңдік тексеріп отыруы тиіс.

Желдету және түтін арналары мерзімді тексерулерден өтуі керек екенін ескертеміз:

- жылыту маусымының алдында – маусымдық жұмыс істейтін газ аспаптары мен аппараттарының түтін мұржалары;- 12 айда кемінде 1 реттен кем емес ыстыққа төзімді бетонның арнайы блоктарынан жасалған кірпіш, асбест-цемент, қыш мұржалары, сондай-ақ желдеткіш арналары.Есіңізде болсын, тартылыс болмаған жағдайда газ аспаптарын пайдалануға тыйым салынады.

3. Неліктен газ жабдықтарына үнемі техникалық қызмет көрсету қажет?

Тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану үшін ережелерді білу ғана емес, пайдаланылатын газ жабдығының жарамдылығы да маңызды рөл атқарады.

Ақаулы газ жабдығын пайдалану қайғылы аяқталмас үшін үйішілік газ жабдығына (ҮІГЖ) мерзімді техникалық қызмет көрсетуді жүргізу қажет.

Ол үшін газ аспаптарының әрбір меншік иесі мамандандырылған ұйыммен техникалық қызмет көрсетуге шарт жасасуға міндетті.

4. Тұрмыста газды пайдалану кезінде мынаған жол берілмейді:

- газбен жабдықтау жүйесіне өз бетінше қосылуға, газ жабдығын және есепке алу аспаптарын қайта орнатуға, өз бетінше монтаждауға және демонтаждауға, газ жабдығын ауыстыруға және жөндеуге, қосымша жабдықты монтаждауға;- газ аспаптары орнатылған үй-жайларды қайта жоспарлауға;- газ аспаптарының конструкциясына өзгерістер енгізуге;- түтін және желдету жүйелерінің құрылғысын өзгертуге;- желдету каналдарын желімдеуге, түтіндіктерді тазалауға арналған «қалталарды» және люктерді бітеуге;- газ аспаптары, автоматика және арматура ақаулы болған кезде газды пайдалануға;- газдандырылған пештер мен түтіндіктерді қалау, сылау (жару) тығыздығы бұзылған кезде газды пайдалануға;- түтін және желдеткіш арналарын тексеру және тазалау туралы актінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін газды пайдалануға;- желдеткіштер (фрамугалар), желдету каналдарының торлары жабық болғанда, түтін құбырлары мен желдету каналдарында тартылыс болмаған кезде газ аспаптарын пайдалануға;- жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдыруға;- мектеп жасына дейінгі балалардың, сондай-ақ өз іс-әрекеттерін бақыламайтын және осы аспаптарды пайдалану ережелерін білмейтін адамдардың газ аспаптарын пайдалануына;- арқандарды газ құбырларына байлау және газ құбырларын жүктеуге;- газ бен газ аспаптарын басқа мақсатта пайдалануға;- үй-жайды жылыту үшін газ плиталарын пайдалануға;- газ аспаптары орнатылған үй-жайларда ұйықтауға және демалуға пайдалануға;- газдың шығуын анықтау үшін ашық отты қолдануға.

5. Табиғи газдың иісі пайда болған кезде не істеу керек?

Газ құрылғыларын пайдалануды дереу тоқтатыңыз! Құрылғылардағы және құрылғылардың алдындағы крандарды жабыңыз. Бөлмені желдету үшін терезелер мен терезелердің желдеткішін ашыңыз!

Ашық отты тұтатпаңыз, темекі тартпаңыз, электр жарығы мен электр аспаптарын қоспаңыз және өшірмеңіз, электр қоңырауларын пайдаланбаңыз.

Газдалмаған үй-жайдан «104» (ұялы байланыс құрылғылары үшін) немесе 8 (7172)-55-89-76 телефондары арқылы авариялық қызметті шақырыңыз.

6. Қауіпсіздік

Газ тұтыну жабдығын пайдалану кезінде газ беруді ажырату автоматикасы бар табиғи және улы газдардың ағуына жауап беретін сигнализаторларды орнатыңыз.

Газ оны дұрыс қолданған кезде ғана қауіпсіз. Жоғарыда келтірілген ұсыныстарды қатаң түрде орындаңыз!!!

Күнделікті өмірде газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін елемеу күтпеген салдарға әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз.

Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіз.