• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Наурыз, 2021

Ақтөбеде «жарылғыш зат табылған» қонақүйден 97 адам эвакуацияланды

599 рет
көрсетілді

Ақтөбедегі «Ibis» қонақүйі қауіпсіздік қызметінің бастығы дәретханадан «жарылғыш заттың» табылғанын  айтып, полициядан көмек сұраған деп хабарлайды Egemen.kz

«Оқиға орнына барлық жедел қызмет жіберілді. Полиция қызметкерлері «Ibis» қонақүйінен 97 адамды эвакуациялады. Олардың 10-ы қонақүй қызметкері, жетеуі банк қызметкері, өзгесі қонақүй бөлмесін жалға алғандар. Арнайы бөлімше саперлері қонақүйдің әкімшілік ғимаратына тексеру жүргізді. Тексеру барысында бірінші қабатта орналасқан дәретхана бөлмесіндегі қол жууға арналған орыннан жарылғыш құрылғысына ұқсас металл зат табылды. Металл корпуста «муляж» гравировкасы бар. Қазір оны тастап кеткен адамды анықтауға бағытталған арнайы және жедел-іздестіру іс-шараларыжүргізіліп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексте «Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.