Алматыда ұшақ апатынан ауыр жарақат алған екі адам есін жиды. Бұл туралы қалалық №4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Сағи Бейсенбеков хабарлады.
«Алматыда ұшақ апатынан зардап шеккен екі азаматтың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Реанимация жағдайында бақылауда. Екеуі де есін жиды», дейді Сағи Бейсенбеков.
Естеріңізге сала кетейік, 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан ұшып шыққан АН-26 әскери ұшағы Алматы әуежайының ұшу-қону жолағына жетпей апатқа ұшырап, өртке оранған болатын. Борттағы 4 адам оқиға орнында қаза болса, екі азамат ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген еді.