• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 25 Наурыз, 2021

Алматыдағы «Қарағайлы орман» құлаш жая бастады

622 рет
көрсетілді

Солтүстік батысқа қарай құлашын жайып келе жатқан қаланың Б.Момышұлы даңғылындаорналасқан АвтоХҚКО жолында тұрған «Қарағайлы орман» аумағында көшет отырғызу дәстүрі биылғы Наурыз мерекесінде жалғасын тапты, деп хабарлайды Egemen.kz

Эко парк құру жобасына ұйытқы болып жүрген ECO FUND Tabigat болып табылады. Көгалдандыру жұмыстары Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығымен бірлесумен және Жасыл экономика басқармасының, Алатау ауданы әкімдігінің, сондай-ақ бизнестің қолдауымен жүргізілді.

«Қарағайлы орман» Эко паркін дамыту жобасы 2020 жылдың қаңтарында қаладағы көгалдандыру ісіне немқұрайлы қарамайтын тұрғындардың қатысуымен алғашқы 33 қарағай ағашын отырғызудан басталған болатын.

Өткен жылы осы жобаға тек қоғам мен еріктілер ғана емес, бизнес пен жоғары оқу орындары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар да назар аударды. Бүгінгі таңда «Қарағайлы орманда» 3 500-нан аса ағаш бар. Ұйымдастырушылар бірнеше жылдан кейін бір жыл бұрын қоқыс полигоны болған жер шаһарды оттегімен байытатын ну орманға айналады деп үміттенеді. Қазірдің өзінде «Қарағайлы орман»қала үшін 197 тонна көмірқышқыл газын сіңіріп, 120 тоннаға дейін шаңды ұстап, қосымша 219 тонна оттегі өндіреді.

Экобелсенділер қала аумағын көгалдандырудың өткір мәселелеріне қанық. Эко қорының жеке зерттеуі қаламызда жасыл желектер ДДҰ талап еткен нормалардан 4 есеге  аз екенін көрсетеді. «Біз сіздермен бірге еліміздегі экология ахуалының қалай қалыптасып отырғанын бұрыннан білеміз. Қала тұрғындары төбемізде қалқып тұратын түтінді күнделікті көріп жүр деп ойлаймын. Сондықтан біздің Қор көгалдандыру қажеттігіне барынша назарды аудартуға күш-жігер жұмсап, көпшілікті осы игі іске тартуға тырысады. Біз бұл жағдайды қарапайым азаматтардың, биліктің және әлеуметтік жауапты бизнестің бірлескен күшімен ғана жақсарта аламыз. Біздің экологиямыздың қолайсыз жағдайын түзеу бір күндік іс емес, сондықтан біздің алдымызда  жүргізілетін жұмыстардың саны көп және әрине, бізге қолдау қажет болады», деді «Қарағайлы орман Алматы» жобасының бастамашысы, ECO FUND Tabigat төрағасы, ҚР көгалдандыру қауымдастығының төрағасы Тимур Елеусізов.

Бүгін Эко паркте біздің отандық тәлімбақта өсірілген катальпа (сәнағаш) тұқымды ағаштардың 300 тікпе көшеттері отырғызылды. Қалалық ландшафтта жиі кездесетін катальпа (сәнағаш) топыраққа бапты көп талап етпейтіндігімен және аязға жақсы төзімді болатындығымен ерекшеленеді. Ересек ағаштың ұшар басының ауқымды формасы айналасына үлкен көлеңке береді. Экология және бау-бақша саласындағы сарапшылардың айтуынша, ағаштардың осы түрін отырғызу өткен жылдың желтоқсан айында отырғызылған қарағай көшеттерінің белсенді өсуіне  қолайлы көлеңкелі жабынды қамтамасыз еткен екен. 2020 жылдың желтоқсанында отырғызылған 400-ден астам көшет 100% жайланып тұр. Осылайша, саябақ өз көшеттерінің санымен жоспарланған 35 мың ағашқа жақындап келеді, Сондай-ақ, бүгінде  катальпадан басқа, Жасыл экономика басқармасының қолдауымен тағы 1500 терек көшеттері отырғызылды.

Бүгінгі ағаштарды отырғызу мүмкіндігін жобаның тұрақты досы болған «Учет.kz», техника мен электрониканы сатуда оңтүстік өңірдің көшбасшысы «Evrika»  компаниялары белсенді түрде қолдады, сондай-ақ жақсы іске «Лукойл» және «BAZIS-A» секілді компаниялар қосылды. Оған қоса серіктестердің қолдауымен «Шетсіз қала» және «Жасыл Алматы» бағдарламалары аясында өткен жылдың басында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бөлінген 78 Га учаскеге отырғызу үшін катальпа көшеттері сатып алынды.

Жобаның қосылғандардың баршасының мақсаты – Эко паркті құру ғана емес, сонымен бірге, оның сапасын қолдау және одан әрі белсенді дамыту болып табылады. «Біз қаланың жасыл қорын дамыту үшін жағдай жасаудың аса қажетті екенін түсінгендіктен біз бұл жобаны өткен жылы іске асыруға қосылдық. Көшеттерді сатып алуға қосатын болмашы үлестің іс жүзінде денсаулығымыз бен қаламызды жалпы жақсартуға беретін пайдасы зор. Сондықтан, біз үшін бір рет ағаш отырғызу ғана емес, олардың атап айтқанда, саябақтың шынымен «өмір сүріп, гүлденіп жатқанына» көз жеткізу аса маңызды болды», деді «Evrika» компаниясының коммерциялық директоры Данияр Сасыков. Бүгін қатысушылар ағаш отырғызып қана қоймай, «Алматыдағы Қарағайлы орман» аумағында қоқыс жинау сенбілігін де ұйымдастырды. Өткен жылы «Алматыдағы қарағайлы орманда» жүргізілген ағаш отырғызудан басқа, Алатау ауданы әкімдігі тарапынан да жоба басында уәде етілгендей, көшеттерді  уақытылы суаруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.