• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Наурыз, 2021

Қарағанды облысында 1 мың отбасы тегін азық-түлік жиынтығын алады

268 рет
көрсетілді

Салмағы 50 келі болатын азық-түлік себеттері Қарағанды облысының он жеті қаласы мен кентінің тұрғындарына жеткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Ayala қайырымдылық қоры «Халық» ҚҚ ұйымдастырған «Ел тірегі – Елбасы» акциясы аясында қолдау көрсетеді.

Қордың мәліметінше, Қарағанды облысында мыңдаған отбасы азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

Тізімдерді өңірлік әкімдіктер ұсынады.

«Біздің Қор пандемия басталған сәттен бастап мүгедек балалары бар отбасыларға атаулы көмек көрсетеді. Біз оларды киім, ойыншықтар мен кітаптар, тәтті сыйлықтар, азық-түлік және планшеттермен қамтамасыз еттік. Қарағандыда өткен жылдың желтоқсан айында «қамқорлық күші» акциясын өткіздік», деп атап өтті Ayala қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

Наурызды тойлау алдында Қарағанды, Теміртау, Саран және Қарқаралы ауданында тұратын 225 отбасы азық-түлік себеттерін алды.

«Ел тірегі – Елбасы» акциясы аясында Қарағанды облысында азық-түлік жиынтығын жеткізу 30 наурызға дейін жалғасады» деп хабарлады қор өкілдері.