Әйгілі нидерланд суретшісі Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы Париждегі аукционда 13 миллион 100 мың еуроға сатылды, деп хабарлайды Еgemen.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл бірегей туындыға бастапқыда ұсынылған бағадан 3 есе қымбат.
Шебер бұл суретін 19-ғасырдың соңында Парижде тұрғанда салған. Мамандардың айтуынша, диірмен бейнеленген туынды суретшінің шығармашылық өміріндегі елеулі өзгерістер кезінде пайда болған.
Айта кетейік, шебер осы кезде экспрессионизм стилін тудырған әдіс-тәсілді қолданған екен.