Бүгін ДСМ министрі А.Цой бастаған делегация Алматы қаласындағы қалалық №7 клиникалық ауруханасына келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің бұл сапары қала басшылығымен эпидемиялық жағдайды талқылап, медициналық мекемелерде Covid-19-бен күрес жұмыстарымен танысуды көздейді.
Министрлік делегациясымен бірге №7 ауруханаға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Нариман Табынбаев келді.
Алматыға жұмыс сапары кезінде Денсаулық сақтау министрі А.Цойға карантин жағдайындағы стационар жұмыстары, аурухананың індет бәсеңсіген жағдайда немесе эпидахуал күрт нашарлаған жағдайдағы жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар министрге бірнеше бөлімшелер, бөлмелерді аумаққа бөлу, медициналық газбен қамтамасыз ету жүйесі, аурухана мен емхана кіреберісінде орнатылған дене қызуын өлшеу тепловизорлары, КВИ таралмауына ықпал ететін медициналық қалдықтарды тез жоятын кешен көрсетілді.
Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Манас Рамазанов аурухананың қала стационарларының емдеу алгоритміне сәйкес толық дайын екендігін мәләмдеді.