• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2021

Белгілі қазақстандық археолог Сәйден Жолдасбаев өмірден өтті

915 рет
көрсетілді

85 жасқа толған шағында танымал қазақстандық археолог, тарих ғылымдарының докторы Сәйден Жолдасбаев өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл туралы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтынан хабарланды.

Сәйден Жолдасбаев тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің кафедра меңгерушісі болды.

Алматы облысы Ұйғыр ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтының аспирантурасын бітірген.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде дәріс берген.

Ғылыми еңбектерінің басты бағыты қазақ халқының XV-XVIII ғасырлардағы мәдениетін, Жетісу тарихын, палеоэтнографиялық ерекшеліктерді зерттеумен байланысты.