Қызылордада екі күннен бері хабарсыз кеткен үш жасөспірім қыздың екеуі Алматы қаласынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 25 наурыз Қызылорда қаласындағы «Атамекен» балалар ауылында тәрбиеленіп жүрген 15-16 жастағы үш жасөспірім қыз жоғалып кеткен. Содан бері оларды іздеу жүргізілді.
Іздеу шараларына еріктілер де қосылды. Оған белсенді азаматтар мен жанашыр еріктілер тартылды.
«Осындай жұмыстардың нәтижесінде қыздардың екеуі 27 наурызда кешкі уақытта Алматы қаласында жүргені анықталды. Қазір қыздар Алматы қаласындағы балалар үйіне жеткізілді. Үшінші кәмелетке толмаған бойжеткен әлі іздестіріліп жатыр», деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.