Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының Akimat Live тікелей эфирінде КВИ-ге қатысты жағдайдың ушығып бара жатқанын мәлімдеді және қала тұрғындарын карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Б. Сағынтаевтың айтуынша, індет өршіп барады. 10 наурыздан бастап Алматы қызыл аймақта. Эпидемия басталғалы бері коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 597 науқас тіркелді (халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіш 1602,0 құрайды). 1 қаңтар мен 27 наурыз аралығында 14 856, 2020 жылы қауіпті індетті жұқтырған 18521 науқас тіркелген.
27 наурызда бір күннің ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 510 науқас тіркелді (жергілікті), соның ішінде 415 науқас симптомды, ал 95-і симптомсыз. 1 тамыздан бері пневмониямен ауырғандар саны - 1666.
20-27 наурыз аралығында қауіпті індетті жұқтырған 3169 науқас тіркелді. Тұрғындар арасындағы жұқтыру деңгейі төмендемей тұр. Жағдайды алматылықтарда анықталған вирустың жаңа штамдары да қиындатуда.
Биылғы жылдың наурыз айында сырқаттанушылықтың тәулігіне 132 жағдайдан күрт өсуі байқалды, наурыз айының үшінші аптасында тәулігіне орташа есеппен 355 жағдайға жетті, қазіргі уақытта тәулігіне 450-500 жағдай анықталып жатыр
Бұл, бір мезгілде тәулігіне 8000-ға дейін жүргізіліп жатқан ПТР анализдерінің қорытындысына да қатысты., оның ішінде жеке зертханаларға 4500-ге дейін өсті.
Инфекцияның негізгі орындары КВИ инфекциясының барлық жағдайларының шамамен 42% болатын сауда және тамақтандыру кәсіпорындары болып қалатындықтан, тиісті шаралар қабылданды. Осыған байланысты карантиндік шара екі рет күшейтілді. Ол 20-29 наурыз аралығында.
«Барша тұрғындарды карантин шараларын қатаң сақтауға, бетперде киюге, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және көпшілік шаралар өткізуден, адам көп шоғырланған жерге барудан аулақ болуға шақырамын», деді Б. Сағынтаев.