• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2021

Алматыда 94-тегі сырқаттың жүрегіне имплант салынды

450 рет
көрсетілді

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында 94 жастағы пациентке эндоваскулярлық аорта қақпақшасы имплантталды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Еліміздің тұрғындарына кардиологиялық көмек көрсетуді жақсарту үшін біздің интервенциялық кардиологтар, рентгенхирургтар былтырдан бері аорта қақпақшасын эндоваскулярлық импланттау бойынша жоғары технологиялық кардиологиялық операцияларды сәтті жасап жатыр», ­- дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы, профессор, медицина ғылымының докторы, жоғары санатты дәрігер Роза Қуанышбекова.

Роза Тохтаналиқызының айтуынша, 2 мереке күндерінде аорта қақпақшасын ауыстыру бойынша кардиохирургиялық операциялар жасауға қарсы көрсетімдері бар 94, 83 және 78 жастағы 3 пациентке ота жасалды. «Бұл пациенттерде кенеттен болатын өлім қаупі өте жоғары.  Жаңа мүмкіндіктер мен инновациялық тәсілдердің арқасында пациенттердің өмірін сақтап қалып, ұзартып және жақсартуға мүмкіндігіміз бар», - деді клиниканың бірінші басшысы.

Операцияларды КІА ҒЗИ рентгеноперация жасау блогының меңгерушісі Алексей Колесников,  рентгенхирург Алмат Қалжанов және кардиохирург Тимур Ибрагимов Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының жетекші дәрігерлері – интервенциялық кардиология және радиология бөлімінің басшысы Серік Әлімбаев және дәрігер Абдурашид Мұсаевпен бірлесіп жасады.

Пациенттің бірі 1927 жылы туған – 94 жастағы Валентин Ни басында қуық асты безінің аденомасы кезінде қуық артерияларының эндоваскулярлық эмболизациясы бойынша операция жасауға қатысты консультация алуға келген. Ол кісі сондай-ақ тіпті аз қимыл жасағанның өзінде қатты ентігіп, кеудесі қысып ауыратындығына шағымданған. Емделуге дейінгі кезеңде толығымен тексеріліп, осыдан кейін жүре пайда болған жүрек кемістігі – аорта қақпақшасының күрделі стенозы анықталды. Аорта қақпақшасын эндоваскулярлық импланттау бойынша жасалған операция сәтті өтті. Операциядан кейінгі кезең де сәтті болды. Жан сақтау бөлімшесінде пациент 12 сағаттай болып, бүгінгі таңда өзін жақсы сезінеді, ауруханадан шығуға дайындалуда.

Валентин Хаксунович клиника басшысына және медицина персоналына клиникада көрсетілген қамқорлық пен кәсіби көмек үшін өз алғысын білдірді және осындай ауыр еңбек жолында медицина қызметкерлеріне денсаулық пен күш-қуат тіледі.

 

 

АЛМАТЫ