• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Президент 29 Наурыз, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жиында бейнеүндеу жасайды

4749 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды. Бұл туралы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен 21:30-да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды. Мемлекет және Үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада және Ямайканың премьер-министрлері Джастин Трюдо мен Эндрю Холнесс мұрындық болды. Жиынды БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады», деп жазды.