Су басып қалу қаупінің алдын алу және оның зардаптарын жоюға қатысты жүйелі мониторинг жүргізу және нақтылы шараларды ұйымдастыру үшін ТЖД шаһардағы жиі су басып қалатын 17 учаскені есепке алды.
Бүгінгі күні Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары (арнайы техника) жауын-шашын басталғанға дейін жиі су басатын учаскелерге дер кезінде жеткізілді, инертті материалдар әзірленді."Алматыдағы су басып қалу қаупінің алдын алу қала қызметтерінің бақылауында", дейді мамандар.
2021 жылдың 29 наурызы күні сағат 17.00-де су басып қалу жағдайының 6 оқиғасы тіркелді. Төтеншеліктердің шұғыл әрекетімен оның 5-і қалпына келтірілді:
1) Жетісу ауданы Борзов көшесі судан тазарды. «Алматы Тазалық» ҚКК қызметкерлері аталған учаскеге 40 қап төседі, жұмыс ойдағыдай аяқталды;2) Ачинский көшесі судан тазартылды, мұнда «Алматы Тазалық» ҚКК жұмыс (1 илосос, 2 адам) жасады; 3) Алатау ауданы Механика,212 көшесі судан тазартылды, «Алматы Тазалық» ҚКК қызметкерлері аталған учаскеде жұмыс жасауда, арық желілері тазартылуда; 4) Түрксіб ауданы Майлин көшесі, 222 мекенжайда көпқабаты үйдің ауласына су толып кетті, «Алматы Тазалық» ҚКК жұмыс жасады, қазір аула судан тазартылды;5) Жетісу ауданы Жангелді көшесі, 214 мекенжайда жеке меншік үйдің ауласын су басып қалды, суды сору үшін 100 қап төселді, мұнда 109 Құтқару қызметі жұмыс жасауда. Қазіргі кезде Алатау ауданы Аралқұм, 22 көшесі судан тазартылуда, мұнда«Алматы су» ҚКК-ның «Илосос» техникасы жұмыс істеп тұр.
Атап өтерлік жайт,наурыз айында жауын-шашынның нормасы 76 мм құрады, осы айдың басынан бері 86,2 мм жауын-шашын болды.