• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2021

Алматыға отандық вакцинаның 6 мың дозасы жеткізіледі

191 рет
көрсетілді

Алматы қаласына QazCOVID-in қазақстандық вакцинасының 6 мың дозасын және «Спутник V» вакцинасының 65 мың дозасын жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте сәуірде «Отандық вакцинаның 6000 дозасын қабылдау жоспарланып отырғанын» айтты. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев ресейлік вакцинаның жоспарлы түрде жеткізілгенін де айтты.

«Алматыда сәуірде жаппай вакцинация басталады. Вакцинация пункттерін 250 жерде орналастыру жоспарланып отыр. Негізінен мемлекеттік емханалар, жеке құрылымдағы медициналық мекемелер қамтылған. Бірақ сауда орталықтарын да тартуға болады. Келіссөздер жүргізіліп, жұмыс тобы құрылды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәлімдемесіне сүйенсек, Алматыға 65 мыңнан аса «Спутник V» вакцинасын әкелу жоспарланған», деді Нариман Табынбаев.

Брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысына Алматыдағы жеке медициналық орталықта ресейлік вакцинаны ақылы түрде егу ұсынылғанын хабарланды. Алайда ол бұл ақпаратты жоққа шығарып: «Вакцинация мәселесі Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Барлық вакциналар арнайы органмен «СК-Фармация» ЖШС арқылы өңірлерге таратылады. Алматыда «СК-Фармация» ЖШС қызметкерлері препаратты қалалық вакциналар қоймасына жеке апарып тапсырады. Алматыға басқа вакциналардың жеткізілгені туралы туралы мәлімет жоқ», деп айтып өтті.

Нариман Табынбаев жаппай вакцинация адамның қай жердегі ауруханаға тіркелгеніне қарамастан тегін жүргізілетінін айтты.